Лигер - екі дәу мысықтар тобының гибриді

Лигер дегеніміз еркек арыстан мен ұрғашы барыстың арасынан шыққан жануар түрі. Сөйтіп екі пантера түрлерінің бір бірілерімен ұрықтануынан пайда болады. Қазіргі таңда екі жануардың шағылысуы жабайы түрде емес, тәуелсіз түрде іске аспақта. Лигер дүниежүзіндегі мысық тәріздес жануар түрінің ең ірісі және де ең үлкен ет қоректі жануарлар түріне жатады. Арыстан мен барыстар, лигерстің қасында жарты есе кіші болып қалады.

Read 99 Facts of Ligers
Лигер
 

Лигерстер осы күнімізден екі жүз және үш жүз жыл бұрын пайда бола бастыпты. Арыстандар мен барыстар әрқашан да қуат пен күштің симболы болып есептелінген. Сонымен қатар, олар Патшалар мен Ханзадалардың арасында атақты болған екен. Тарихи мағлұматтарға сүйенсек, ең алғашқы лигер баласы 1799 туылыпты. Индия лигер баласының туылған алғашқы елі болып танылды. 1799 жылғы сызылған сурет бұл құбылыстың дәлелі болады. Бірақ та лигерстердің дүниеге келуі бұл сызылған суреттен бұрын да болуы әбден ықтимал. 19шы және 20шы ғасырларда лигерстердің ұрықтану үрдісі Франция, Германия, Англия және тб елдерде болып жатты. Америкада алғаш лигер 1948 жылы байқалды. Оның аты Шаста еді. Қытайда алғашқы лигер 2001 жылы, Оңтүстік Кореяда 1997 жылы, Ресейде 2004 жылдарында дүниеге келді. Ал Тайвандағы алғашқы лигер 2010 жылы тамыз айында дүниеге келіпті.

Read 99 Facts of Ligers